НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!
Ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлығына конкурс жариялайды
Конкурсқа материалдар 2026 жылғы 1 қаңтар мен 20 маусым аралығында қабылданады.
Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
2026 жылғы 1 қаңтар мен 20 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар;
Баспа БАҚ пен ақпарат агенттіктерінің журналистері үшін: жарияланған материалдардың көшірмелері тігіліп, автордың аты-жөні, БАҚ атауы, жарияланған күні мен нөмірі көрсетілуі, сондай-ақ ұсынылған материалдардың толық тізімі қоса берілуі тиіс;
Тележурналистер үшін: электронды тасымалдағыштағы бейнематериалдар және сюжеттер тізімі ұсынылады. Тізімде сюжет атауы, хронометражы, қысқаша сипаттамасы, эфирге шыққан күні мен телеарна атауы көрсетілуі қажет;
Барлық үміткерлер міндетті түрде келесі құжаттарды қоса тапсырады: өмірбаян; жеке куәлік көшірмесі; редакцияның мінездемесі мен ұсыным хаты (егер БАҚ тарапынан ұсынылса).
Номинациялар тізімімен Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының ресми сайтынан танысуға болады.
Материалдар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40, №238 кабинет.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 71-32-82.