Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру.

Кеңестің негізгі міндеттері

  1. жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың оңтайлы жолдарын іздестіру;
  2. үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік гранттарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге тарту;
  3. азаматтық бастаманың дамуына жағдай жасау;
  4. мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту, бірлескен іс-шараларды үйлестіру және оларды іске асыру тетіктерін әзірлеу;
  5. мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және мемлекеттік гранттарды іске асыру шеңберіндегі мәселелерді шешуге бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз ету.

Кеңестің функциялары

  1. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу лоттарының тақырыптарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  2. жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі қызметтің тиімділігіне талдау жүргізеді және оны бағалайды;
  3. жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдірудің нақты тетіктерін әзірлейді;
  4. Кеңестің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 

Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Кеңестің төрағасы: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары.

Кеңестің жұмыс органы: «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Кеңестің құрамы: Кеңестің сандық құрамы тақ болып қалыптастырылады. Оның құрамына Кеңес төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын Кеңес мүшелері кіреді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

Документы
Ереже
24 июля 2026
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің ережесі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы