GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
БЗЖҚ
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

 

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

 

1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады:

-      зейнет жасына толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2031 жылы 63 жасқа жетеді));

-      55 жасқа толған, зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде өздері үшін жиынтығында кемінде күнтізбелік 84 ай бойы МКЗЖ төленген, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың және жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан адамдар;

-      бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтар бойынша зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектік тобына және оның белгіленген мерзіміне қарамастан, мүгедектігі бар адамдарға да беріледі. Бұл ретте төлемдерді алу кестесін салымшы өзі дербес белгілейді.

 

2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

 

Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.

Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.

55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:

-  зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;

-  түзету коэффициенттері қолданылмайды;

-  жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.

 

3) Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?

 

Зейнет жасына толуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақыны тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Өтінішті зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын беруге болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрі өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте алушы зейнет жасына толған болса, ХҚКО-да өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал егер өтініш зейнет жасына толғанға дейін берілсе, зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып саналады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны алу үшін уақытылы жүгінудің маңызы ерекше. Себебі оны тағайындау кезінде алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтарын алу үшін БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кеңсесіне барып өтініш бере алады.

 

4) Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптар бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2026 жылғы наурыз айынан бастап зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, бірақ бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алу үшін Қорға өтініш бермеген адамдарға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (жинақтары болған жағдайда) өтінішсіз жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейді:

-  азамат зейнет жасына толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы;

-  Мемлекеттік корпорациямен жыл сайын жүргізілетін салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша проактивті қызмет аясында ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру. Бұл ретте әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалғаны туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.

 

5) Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгіну қажет?

 

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.

Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.

 

6) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімімен қайдан танысуға болады?

 

БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде зейнетақы төлемінің түріне және құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған.

Сонымен қатар сайттың «Онлайн-сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Сервистің атауы – «Төлемге арналған құжаттарды алдын ала тексеру»:  https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/checkdoc.php    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылыс
19 октября 2026
Ауданның жаңа визиттік карточкасы: Самар ауылында стела ашылды

Самар ауданында Самар ауылына кіреберісте стеланың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан елді мекеннің визиттік карточкасына айналып, ауданның туристік әлеуетін дамытуға үлес қосады деп күтілуде.

Стеланы орнату Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі болды.

Нысанның өлшемі — 6 × 3,5 метр, құны — 5 миллион теңге. Жоба жергілікті кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының басшылары мен аудан тұрғындарының бастамасы және бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асырылды. Олар туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов атап өткендей, тұрғындардың белсенділігі мен бастамашылдығы өңірдің дамуына маңызды үлес қосады.

«Осындай бастамалардың арқасында ауданда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Бастамашыл тұрғындарымыз ауданның дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгін біз жай ғана жаңа нысанды ашып отырған жоқпыз, сонымен қатар туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, ауданның танымал брендін қалыптастыруға қадам жасап отырмыз», — деп атап өтті Серік Жеңісов.

Биыл абаттандыру жұмыстары көлік инфрақұрылымын да қамтыды. Самар ауылына кіреберістегі және ауылдан шығаберістегі айналма жол айрықтары кеңейтіліп, абаттандырылды.

Қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Келесі жылы Самар ауданында Абай атындағы орталық алаңды абаттандырып, толық жаңарту, сондай-ақ жаңа қоғамдық кеңістіктер құру жоспарланып отыр. Бұл жобалар ауданның келбетін жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Биыл аудан әкімдігінің алдындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта мұнда брусчатка төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынуда, сондай-ақ гүлзарлар орнату жоспарланған.

Инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту және тұрғындардың бастамаларын қолдау заманауи әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл Самар ауданын тұрғындар үшін жайлы, ал қонақтар үшін тартымды мекенге айналдыруға ықпал етеді.

Әлеуметтік қорғау
15 октября 2026
Самар ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған жүгіру акциясы өтті

Самар ауданында сүт безі обыры туралы ақпараттандыруға бағытталған «Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттық айлығы аясында жүгіру және серуендеу акциясы өтті. Іс-шара «Әділет» партиясының аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.

Акцияға ауданның 50-ден астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында түрлі мекемелердің еңбек ұжымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары бар. Қатысушылар әйелдер денсаулығына назар аудару, аурулардың алдын алу және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын насихаттау мақсатында бір алаңға жиналды.

Жүгіру қорытындысы бойынша мәреге алғашқы болып жеткен қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, осы күні аудандық ауруханада әйелдер маммолог және басқа да медицина мамандарынан тегін кеңес алып, медициналық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер денсаулығын нығайтуға назар аудару, аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын түсіндіру.

 

Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
14 октября 2026
САМАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін 2026 жылғы 13 қазанда Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2026 жылғы  29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында алдағы сайлау науқанына дайындық пен оны өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралып, комиссия жұмысының алдағы негізгі бағыттары айқындалды.

Жер қатынастары
08 октября 2026
Information on the results of the competition for the provision of land plots

In accordance with the Land Code of the Republic of Kazakhstan and the rules for holding a competition for the right of temporary paid land use (lease) of land plots approved by order of the Minister of Agriculture of the Republic of Kazakhstan No. 518, a competition was held for the right of temporary paid land use (lease) of land plots for agricultural activities.
Based on the results of consideration and evaluation of tender proposals, the Competition Commission determined the winners of the competition for the relevant lots.
A list of winners of the competition for each lot is attached. Minutes are also attached, which indicate the results of consideration and evaluation of tender proposals for each lot, the decision of the commission to determine the winner and signed by the members of the Competition Commission.

Статистика
07 октября 2026
2026 жылғы тамызда жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі

 

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде
   
1-тамыз
1-П (айлық) "Кəсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілген қызметтер) өндіру  туралы есебі"
2-тамыз
1-ИС (айлық)  "Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп"
1-инвест (айлық) "Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп"
2-КС (айлық) "Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп"
1-көлік (айлық) "Көлік жұмысы туралы есеп"
3-байланыс (айлық) "Пошталық жəне курьерлік қызмет жəне байланыс қызметтері туралы есеп"
24-сх (айлық) "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп"
3-тамыз
2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп"
2-сх (астық) (айлық) "Астықтың қолда бары туралы" 
4-тамыз
1-КС (айлық) "Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп"
15-тамыз
1-тариф (ішкі су) (айлық)  "Ішкі су көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (әуе) (айлық)  "Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (теңіз) (айлық) "Теңіз көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-Ц (экспорт, импорт) (айлық) "Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп"
16-тамыз
1-тариф (автомобиль) (айлық) "Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-ЦСХ (айлық) "Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне және сатып алынған көрсетілетін қызметтерге бағасы туралы есеп"
17-тамыз
1-ЦП (айлық) "Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасы және өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасы туралы есеп"
1-тариф (теміржол) (айлық)  "Теміржол көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (құбыр) (айлық)  "Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
20-тамыз
1-ТС (айлық) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп"
1-ЦСМ (айлық) "Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп"
21-тамыз
1-тариф (пошта) (айлық)  "Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп"
1-тариф (курьер) (айлық)  "Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп"
1-тариф (байланыс) (айлық) "Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп"
22-тамыз
1-Ц (көтерме) (айлық)  "Өнімдердің, тауарлардың көтерме сауда (жеткізілім) бағасы туралы есеп"
    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (https://cabinet.stat.gov.kz) сайтында «Респондент кабинеті» арқылы есептіліктерді электронды түрде тапсыруға болады
     Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі 5 тармағына сәйкес, егер статистикалық нысанды тапсыру мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысанды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы 2018 жылғы 27 желтоқcандағы № 19 бұйрығымен бекітілді)
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау                                                         және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының                                                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ                                                   басшысы                                                                                                              Е. Нұрланов
«Қазақстан Республикасының                                                                                                                                   Стратегиялық жоспарлау                                                                                                                                                              және реформалар агенттігі                                                                                                                                                      Ұлттық статистика бюросының                                                                                                                                                Шығыс Қазақстан облысы                                                                                                                                                          бойынша департаменті» РММ 
қабылдау бөлмесі: 8-7232-25-27-81
http://www.stat.gov.kz/vko  
e-mail:  statvko@aspire.gov.kz  
27 шілде 2026 жыл  
орынд. М. Зайнуллаева  
тел: 24-19-30  
   

 

Білім беру
07 октября 2026
Самар ауданында кәсіби мереке – Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шара барысында педагогтер мен саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған ұстаздық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
 
Самар ауданы әкімінің атынан ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангелдинов құттықтады. Ол педагогтерге кәсіби мерекелерімен құттықтауын жеткізіп, білім беру саласына қосқан үлестері, кәсібіне деген адалдығы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
 
Салтанатты шара барысында білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар педагогке Алғыс хаттар табысталды.
 
Мерекелік кеш арнайы ұстаздарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш қонақтарына әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылды.
Кәсіпкерлік және туризм
07 октября 2026
«Одесса» паромы навигациялық маусымын аяқтады

«Одесса» паромы Васильев өткеліндегі навигациялық маусымын аяқтады. Маусымның аяқталуына орай кеме экипажы мен басшылығын Самар ауданының өкілдері құттықтады.

 
Самар ауданының әкімі атынан және жеке өзі аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангелдинов экипажды навигациялық маусымның сәтті аяқталуымен құттықтады.
 
«Самар ауданының әкімі атынан және жеке өз атымнан «Одесса» паромының бүкіл экипажын навигациялық маусымның сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Еңбектеріңізге, жауапты жұмыстарыңызға және ауданымыздың туристік саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге алғыс білдіремін. Баршаңызға амандық, жақсы демалыс және келесі маусымға сәтті дайындық тілеймін», — деді Сұлтан Амангелдинов.
 
Паром экипажына Самар ауданының Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
 
«Одесса» паромының директоры Евгений Филиппов өз кезегінде Самар ауданының басшылығына көрсеткен қолдауы және туристерге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, биыл навигациялық маусымның небәрі бес айға созылғанына қарамастан, жолаушылар ағыны 15%-ға артқан.
 
«Биылғы маусым қысқа — небәрі бес ай болды. Соған қарамастан жолаушылар ағыны 15%-ға өсті. Бұған бірқатар фактор әсер етті: Самар ауданындағы туристік саланың дамуы, Катонқарағай ауданында, Самар ауданында және Марқакөл өңірінде ірі туристік фестивальдердің өткізілуі, сондай-ақ Васильев өткелі аумағының абаттандырылуы. Турист үшін тек өткелдің болуы ғана емес, кемені қандай жағдайда күтетіні және айналасындағы ортаның қандай екені де маңызды», — деді Евгений Филиппов.
 
Еске сала кетейік, навигациялық маусымның басында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов паром басшылығына қажетті қолдау көрсетіп, туристердің кемені жайлы жағдайда күтуі үшін өткел аумағын абаттандыруға уәде берген болатын. Бұл уәде қысқа мерзімде орындалды: мұнда беседкалар орнатылып, жарықтандыру жүргізілді, айлақ сырланып, қоқыс жинауға арналған контейнерлер қойылды. Маусым бойы Сарыбел ауылдық округінің тұрғындары мен әкімдігі тұрақты түрде сенбіліктер өткізіп, аптасына бірнеше рет қоқыс шығарып отырды.
 
Евгений Филиппов келесі жылы Үлкен Нарын ауданының басшылығы да самарлықтардың үлгісіне сүйеніп, айлақ аумағын абаттандыруға көңіл бөлуі мүмкін екенін атап өтті.
 
«Менің ойымша, келесі жылы Үлкен Нарын ауданының басшылығы да Самар ауданының үлгісіне сүйеніп, айлақ аумағын абаттандырумен айналысуы мүмкін. Бұл маңызды, себебі навигациялық нысандардың сыртқы келбеті туристердің өңір туралы алған әсеріне тікелей ықпал етеді. Әсіресе қазір бұл өткел туристік маршруттың бір бөлігіне айналып отырған кезде оның маңызы зор. Туристің әсері жолдан бастап, кемені күтетін аумақ пен кеменің өзіне дейінгі барлық детальдан қалыптасады», — деп атап өтті паром директоры.
 
Навигация аяқталғаннан кейін «Одесса» паромы жөндеуге жіберіледі. Евгений Филипповтың айтуынша, келесі маусымға дейін кеменің сыртқы келбетін жаңартып, техникалық бөлігін жаңғырту жоспарланып отыр.
БЗЖҚ
05 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры:

«Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз».

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасу сериясын жалғастыруда.

Алғаш зейнетақыны кім ойлап тапты? БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері қандай болуы тиіс? Салымшыларға өз жинақтарын шешіп алу мүмкіндігін беру дұрыс па? Атақты мысалдағы «Құмырсқа» кім, «Инелік» кім?

Бүгінгі кезекті эксклюзивті сұхбатымызда қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Расул Рысмамбетов Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің мәселелері туралы жеке қарым-қатынас тәжірибесіне сүйене отырып баяндап, олардың болашақ перспективалары жөнінде өз пікірімен бөлісті.

 

Сұхбатты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көріңіз!

                 https://youtu.be/Dy76WU-qFrs?si=CocIIq7U4J0rv1SZ

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз!

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Статистика
30 сентября 2026
2026 жылғы қазанда жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі
 
   
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде
   
1-қазан
1-П (айлық) "Кəсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілген қызметтер) өндіру  туралы есебі"
2-қазан
1-ИС (айлық)  "Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп"
1-инвест (айлық) "Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп"
2-КС (айлық) "Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп"
1-көлік (айлық) "Көлік жұмысы туралы есеп"
3-байланыс (айлық) "Пошталық жəне курьерлік қызмет жəне байланыс қызметтері туралы есеп"
24-сх (айлық) "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп"
1-КФХ инвест (айлық) "Шаруа немесе фермер қожалықтарының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы есеп"
3-қазан
1-Ц (жалға беру) (тоқсандық)
"Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп"
2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп"
2-сх (астық) (айлық) "Астықтың қолда бары туралы" 
3-аш (майлы) (тоқсандық) "Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы"
4-қазан
1-КС (айлық) "Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп"
1-КС (шағын) (тоқсандық) "Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп"
5-қазан
1-Ц (көрсетілетін қызметтер) (тоқсандық) "Өндірушілердің көрсетілетін қызметтеріне бағалары туралы есеп"
10-қазан
2-НК (жылына бір рет) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп"
ОВПО (жылына бір рет) "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебі"
12-қазан
1-Т (тоқсандық) "Еңбек бойынша есеп"
15-қазан
1-тариф (ішкі су) (айлық)  "Ішкі су көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (әуе) (айлық)  "Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (теңіз) (айлық) "Теңіз көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-Ц (экспорт, импорт) (айлық) "Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп"
1-жылыжай (тоқсандық) "Қорғалған топырақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы"
1-қызмет көрсету (тоқсандық) "Білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары көрсеткен қызметтер көлемі туралы есеп"
16-қазан
1-тариф (автомобиль) (айлық) "Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-ЦСХ (айлық) "Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне және сатып алынған көрсетілетін қызметтерге бағасы туралы есеп"
17-қазан
1-ЦП (айлық) "Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасы және өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасы туралы есеп"
1-тариф (теміржол) (айлық)  "Теміржол көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
1-тариф (құбыр) (айлық)  "Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп"
20-қазан
1-ТС (айлық) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп"
1-ЦСМ (айлық) "Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп"
21-қазан
1-тариф (пошта) (айлық)  "Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп"
1-тариф (курьер) (айлық)  "Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп"
1-тариф (байланыс) (айлық) "Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп"
22-қазан
1-Ц (көтерме) (айлық)  "Өнімдердің, тауарлардың көтерме сауда (жеткізілім) бағасы туралы есеп"
25-қазан
1-П (тоқсандық) "Кəсіпорынның өнім (тауарлар, көрсетілген қызметтер) өндіру  туралы есебі"
2-МП (тоқсандық) "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп"
1-ПФ (тоқсандық) "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп"
2-туризм (тоқсандық) "Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп"
2 – қызмет көрсету (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп"
31-қазан
1-СР (жылына бір рет) "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп"
    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (https://cabinet.stat.gov.kz) сайтында «Респондент кабинеті» арқылы есептіліктерді электронды түрде тапсыруға болады
     Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі 5 тармағына сәйкес, егер статистикалық нысанды тапсыру мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысанды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы 2018 жылғы 27 желтоқcандағы № 19 бұйрығымен бекітілді)
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау                                                      және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының                                                Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ                                                   басшысы                                                                                                                       Е. Нұрланов
«Қазақстан Республикасының                                                                                                                                   Стратегиялық жоспарлау                                                                                                                                                              және реформалар агенттігі                                                                                                                                                      Ұлттық статистика бюросының                                                                                                                                                Шығыс Қазақстан облысы                                                                                                                                                          бойынша департаменті» РММ 
қабылдау бөлмесі: 8-7232-25-27-81
http://www.stat.gov.kz/vko  
e-mail:  statvko@aspire.gov.kz  
29 қыркүйек 2026 жыл  
орынд. М. Зайнуллаева  
тел: 24-19-30  

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы