Ұлттық спорт түрлері: жастар арасындағы ШҚО чемпионатының қорытындылары

Ұлттық спорт түрлері: жастар арасындағы ШҚО чемпионатының қорытындылары

Ұлттық спортты дамыту және жастарды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2025 жылы 25-28 сәуір аралығында 2005-2007 ж.т. жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен Шығыс-Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Көкпар ойындар женімпаздары:
І орын - ШҚО, Самар ауданы, команда жаттықтырушысы Канат Бикатов;
ІІ орын - ШҚО, Глубокое ауданы, команда жаттықтырушысы Артур Бикинин;
ІІІ орын - ШҚО, Ұлан ауданы, команда жаттықтырушысы Ерқайрат Жұмағазыұлы;
ІV орын - ШҚО, Күршім ауданы, команда жаттықтырушысы Жиенжанов Айдын.

Бұл чемпионаттын басты мақсаты үздік спортшыларды анықтап мамыр айында жоспарланған Республикалық жарыста Шығыс-Қазақстан облысының намысын қорғау.
Тартылған жеребеге сәйкес Шығыс-Қазақстан облысы бір топта келесі өңірлермен додаға қатысады: Атырау облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы.