"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Таза ойындар" экологиялық сенбілігі өтті

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Таза ойындар" экологиялық сенбілігі өтті

Самар ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Таза ойындар" атты экологиялық сенбілік өткізілді. Шараның ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ысқақ қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Эко-сенбілікке 80 еріктіден құралған 7 команда қатысып, белсенділік танытты. Қатысушылар қоқыс жинап, табиғатты қорғау жолында күш біріктірді.

🏆 Жүлде иегерлері:

🥇 1 орын – Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі (40 000 ₸)

🥈 2 орын – №1 Самар орта мектебі (30 000 ₸)

🥉 3 орын – Агротехникалық колледж студенттері (20 000 ₸)

Белсенділік танытқан командаларға 5 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табысталды.

♻️ Эко-сенбіліктің нәтижесінде 450 қап қоқыс жиналып, Ешкібай су қоймасының маңы тазартылды.

🌿 Табиғатты таза ұстау – әр азаматтың борышы!