Бүгін Самар ауданында жаңа мектептің құрылысы басталып, уақыт капсуласы салынды. Құрылыстың басталу рәсіміне аудан әкімі Серік Жеңісов қатысты.
Сондай-ақ, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Самар ауданының құрметті азаматы Баянды Кәкенұлы мен мектеп оқушылары ата-аналарымен қатысып, тілектерін білдірді.
Нысан құрылысының мердігері-«Нұр Құрылыс Инвест» ЖШС мен жобалаушысы-«Олжа проект» ЖШС мектепті 31 желтоқсанға дейін пайдалануға береміз деп жоспарлап отыр. Жаңа мектеп болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қуаныш құтты болсын!