Ауданымыздағы тарихи тұлғаларды кең көлемде таныстыра, насихаттап, өнеге, өсиеттерін ,ел үшін атқарған жанқияр еңбектерін жас ұрпаққа табыстап , олардың бойына патриоттық рух дарыту мақсатында, Бастаушы ауылының көнекөз қариясы, «Үздік Ардагер» - Шаhарбек Ғабитов – өзінің өткен ғұмыры жайлы жазылған екі кітапты Самар аудандық кітапханасына әкеліп сыйлады.
«Өмір өткелдері», «Ағайынды Ғабитовтар» атты екі кітап қарияның төрт жасынан бергі көрген –білген, ойға түйген шежіресінің түйіндемесі.
« Өзіңсіз қанаты жоқ құстаймын мен...» деп екінші кітабын жан жары Жүніспекқызы Бақтыға арнаған өлеңімен аяқтаған Шahарбек ата үшінші кітабын өмірлік жарына арнамақ.
Шаhарбек Ғирфанұлына денсаулық тілей отырып, қаламыңыз ұштала берсін дейміз.