Бүгін Самар ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен игі шара бастау алды. Самар ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев балабақшадағы қыз балалар мен тәрбиешілерін көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. Сондай-ақ техникалық қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмай, ізгі ниетін білдірді. Жаслан Талғатұлы балабақша ұжымының болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі зор еңбегін атап өтіп, нәзікжандыларға зор денсаулық пен мол бақыт тіледі.