
2025 жылдың 5 наурызынан бастап аудан әкімдігі аппаратының, ауылдық округтердің және дербес бөлімдердің қызметкерлері үшін жұмыс уақытының жаңа тәртібі енгізілді.
Бұл өзгерісті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов арнайы жұмыс сапары барысында талқылап, оның маңыздылығын атап өтті.
Енді аудандық мемлекеттік мекемелердің есігі тұрғындар үшін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін ашық болады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.
Бұл бастама халыққа қызмет көрсетуді жақсартып, тұрғындардың күндізгі уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.