Самар ауданының жас футболшылары Көкпекті ауданындағы турнирде жеңіске жетті

Самар ауданының жас футболшылары Көкпекті ауданындағы турнирде жеңіске жетті

Самар ауданы балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің футболшылары Абай облысы Көкпекті ауданында өткен 2012-2013 жылы туған жасөспірім ұлдар арасындағы жарыста топ жарды.
Жарысқа Жарма, Күршім, Ақсуат және Самар ауданының ойыншылары қатысты.
Айта кетейік, осы жарыста жеңіспен оралған жас спортшыларды Ербол Әміров дайындады.
Бір қуанарлығы ауданымыздағы Балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған спорттық үйірмелердің жас спортшылары талай жарыста топ жарып келеді.