Самар ауданының бас имамы ҚМДБ-ның Алғыс хатымен марапатталды

Самар ауданының бас имамы ҚМДБ-ның Алғыс хатымен марапатталды

Халқымыздың рухани дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда иманды ұрпақ тәрбиелеуде дін қызметкерлерінің атқаратын рөлі айрықша.

Осы ретте Самар ауданының бас имамы Калебай Бекболат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Алғыс хатқа ие болды. Бұл марапатты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыс етті.

«Алла жолында аянбай еңбек етіп, сауапты істердің атқарылуына ұйытқы болып, имандылық бағытындағы ізгі істеріңіз үшін Сізге өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан айрықша алғысымды білдіремін», — делінген Алғыс хатта.