Самар аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Самар аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №763 Жарлығына сәйкес, Самар аудандық сотының төрағасы болып Гүлнар Кудербаева тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Төленді Тілеужанұлы жаңа төрағаны таныстырып, Гүлнар Тұрсынғалиқызына қызметінде сәттілік тіледі.