Самар ауданы әкімі аппаратының кеңейтілген жиналысы: өзекті мәселелер мен болашақ жоспарлар талқыланды

Самар ауданы әкімі аппаратының кеңейтілген жиналысы: өзекті мәселелер мен болашақ жоспарлар талқыланды

27 қаңтар күні Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат жиналысы өтті. Оған ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, бағынысты мекеме және ұйым басшылары қатысты.
Отырыста күн тәртібі бойынша бірқатар мәселе талқыланды. Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гульнара Юсупова халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мариногорка ауылдық округінің әкімі Рахат Жакупов елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтып, 2025 жылға арналған жоспармен бөлісті. Самар ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Гүляим Нұрғалиева нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, НҚА мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы жұмысты жетілдіру мәселелері туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы жайлы Самар ауданы аппараты басшысының міндетін атқарушы Гульжан Хамитова баяндады.
Жиналыс соңында алдағы жоспарлар талқыналып, тиісті тапсырмалар берілді.