Самар ауданында "Ыстық шәй" акциясы өтті

Самар ауданында "Ыстық шәй" акциясы өтті

Самар ауданының жастар ресурстық орталығы мамандары ауданның тазалығына үлес қосып жүрген қызметкерлерді қолдауға бағытталған «Ыстық шәй» акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында қатысушылар қызметкерлерге ыстық шәй ұсынып, олардың еңбегіне ризашылықтарын білдірді. Ұйымдастырушылар бұл шара арқылы жұмысшылардың ауданның көркеюіне қосқан үлесін жоғары бағалайтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ, қызметкерлерге денсаулық, табыс және сәттілік тілеп, олардың көңілін көтеруге тырысты.

Жастар ресурстық орталығы Самар ауданының тазалығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге шынайы алғысын білдіреді.