
Самар балалар жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімінің оқушылары, ШҚО құрама командасының мүшелері Тютенева Камила, Бужатанова Диляра 2025 жылдың 02-11 қаңтар айында Екібастұз қаласында өткен волейболдан 2012-2013 ж.т қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысып 1-орынды иелеп, чемпион атанды.
Жаттықтырушысы - Құрманбаев Ерасыл Маратұлы. Самар балалар жасөспірімдер мектебінің жетістіктер қоржынын алтынмен толтырған қыздар 6-сыныпта оқиды.