Cамарда мұз айдыны ашылды

Cамарда мұз айдыны ашылды

Жерлестерімізді мұз айдынының салтанатты ашылуымен Самар ауданы әкімнің орынбасары Қ. Сұрашев құттықтады. Іс-шараға ауданымыздың оқушылары мен тұрғындары қатысты. Мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқап, балаларға конькилер тегін ұсынылды. Мұз айдыны ауыл тұрғындары мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналатыны сөзсіз.