31 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі "Жаңа жылдық" бал - маскарад өтті.Аудан әкімі Серік Жеңісұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, әрбір отбасына амандық пен жақсылық тіледі. Мерекелік шарада қатысушылар Аяз ата мен Ақшақар және түрлі жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге көңілді би билеп, ойын ойнап, сыйлықтар алды. Төрешілер шешіммен кешке кейініп келген кейпкерлерге ішінен орын алғандар анықталып, сыйлықтар табысталды. Мәдениет үйінің ұйымдастырумен тұрғындарға лотерея билеттері ойнатылып,ұтыс сыйлықтары берілді. Мерекелік кеш би кешімен және жаңа жылдық от шашумен жалғасты.