Мемлекеттік қызмет саласындағы лайықты лауазымы үшін құттықтау

Мемлекеттік қызмет саласындағы лайықты лауазымы үшін құттықтау

 Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары, ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, құрметті демалысқа шыққан Бағжамал Базылағзамқызын үлкен қуанышпен құттықтады. Аудан әкімі Серік Жеңісұлы, Самар ауданы мәслихатының төрағасы Гүлнар Қасымжомартовна, аудандық «АМАНАТ» партиясы филиалының төрағасы Айнур Баянғалиевна және көптеген мекеме басшылары Бағжамал Базылағзамқызын елеулі еңбегі үшін алғыстарын айтып, 40 жылдық қажырлы қызметінің жемісін көруді тіледі.

Бағжамал Базылағзамқызы мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өзінің іскерлігі мен жауапкершілігімен жоғары бағаланды. Ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып, еңбегі мен адалдығы әрқашан құрметке лайық болды.

Бағжамал Базылағзамқызына денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол табыс, отбасыңызға амандық тілейміз. Әр күніңіз тек қуаныш пен бақытқа толы болсын!