
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Серік Жеңісұлв тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 10 аудан тұрғыны жазылып, олар өздерін мазалаған тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, мәселелерін көтерді.
🔷Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, тиісті сала мамандарымен бірге мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Серік Жеңісұлы әрбір өтінішке қатысты тиісті сала басшыларына заң шеңберінде қолдау көрсетуді тапсырды.