Самар ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Самар ауылында облыстық «JASTAR CUP» пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирді ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысы Ысқақ Асқар Төлеубайұлы ашып, шараға жиналған қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Бұл шара жастардың сыни ойлау, пікірталас жүргізу дағдыларын дамытуға және қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Арнайы келген тәжірибелі төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Дебаттың қорытындысы бойынша келесі топтар жеңімпаз атанды:
1-орын - Самар ауданының «Қабанбай мен Бөгенбай» фракциясы,
2-орын - Өскемен қаласының «100» фракциясы,
3-орын - Самар ауданы, Бастаушы ауылының «Абай мектебі» фракциясы.
Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Үздік спикер - Өскемен қаласының студенттері,
Үздік команда - «Болашақ» фракциясы,
Үздік дебют - «Алтай арландары» фракциясы,
Үздік дебют - Зырян қаласының фракциясы.
Бұл дебаттық ойын жастар арасында пікірталас мәдениетін қалыптастыруға, олардың өз пікірлерін ашық әрі негізді түрде жеткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған маңызды шара болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға мадақтама, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Шараның қорытындысы бойынша жастар арасында өзара пікір алмасу мен тәжірибе бөлісуге үлкен мүмкіндік жасалды.