«Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл» мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара Самар ауданы әкімдігінің залында өтті. Бұл маңызды шараға аудандық мәслихаттың әртүрлі шақырылымдағы депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиынды аудандық мәслихат төрағасы Шаймарданова Гульнар ашып, мәслихаттардың 30 жылдық тарихындағы жетістіктері мен қоғам өміріндегі рөлі туралы баяндады. Ол депутаттардың жоғары жауапкершілікпен қызмет етіп, қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуге белсенді қатысқанын атап өтті.
Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенев құттықтау сөз сөйлеп, мәслихаттардың ел дамуындағы маңызын ерекше атап өтті. Ол жергілікті басқару органдарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарында табыс тіледі.
Іс-шара барысында Самар ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан, ел мүддесі жолында елеулі еңбек еткен әртүрлі шақырылымдардағы депутаттарға, сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының ардагерлері мен қызметкерлеріне «Алғыс хаттар» табысталды.