Самар ауданы балалар жасөспірімдер спорт мектебі биылғы жылды қортындалап, үздіктерді марапаттады.

Самар ауданы балалар жасөспірімдер спорт мектебі биылғы жылды қортындалап, үздіктерді марапаттады.

Самар ауданы балалар жасөспірімдер спорт мектебі биылғы жылды қортындалап, үздіктерді марапаттады. Жас спортшыларға төсбелгілер, медалдар, сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды. Аталған спортшылар ауданымыздың атынан облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, түрлі додада топ жарып келеді.

Бүгінгі шараның тағы бір ерекшелігі, аттың құлағында ойнап, көкпардан ауданның, облыстың намысын қорғап жүрген жас көкпаршылар да марапатталды. Сонымен қатар, осындай талапты да, талантты шәкірттерді баулып, сынға қосқан әр спорт түрінің жаттықтырушылары да алғыс арқалады.

Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сәйкенұлы мен аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұртас Нұрахымұлы  құттықтау сөзін сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Баласы бәйге шапса, үйде отырып тақымын қысатын спортшыларымыздың ата-аналары да марапатталды.

Спорт мектебінің басшысы Жандос Серікұлы жаттықтырушылар мен жас спортшыларға ризашылығын білдірді.