Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Самар ауданы әкімінің орынбасары Сурашев Қайдар, Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  Самар ауданы әкімінің орынбасары Сурашев Қайдар,  Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына  барып

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  Самар ауданы әкімінің орынбасары Сурашев Қайдар,  Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына  барып қарттарды құттықтады.

Қазіргі таңда Самар ауданында қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыз екені мәлім.

 «Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Қарттары бар ел - бақытты ел. Сондықтан, ел басына күн туған заманда, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор, ұрпағына адал болған қарттарымыз қашан да аман болсын! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» - деді Қайдар Сәйкенұлы.

Іс-шара Самар аудандық мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған мерекелік  бағдарламамен жалғасты.