Дзюдодан «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» республикалық турнирі

Дзюдодан «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» республикалық турнирі

Астана қаласында 19-22 желтоқсан аралығында дзюдодан республикалық «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» турнирі өтті. Аталған жарыстан Самар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары қатысып, жүлделі оралды. Нақтыласақ, 50 келі салмақ дәрежесінде Нұрболат Болатов 3-орын,  66 кг салмақ дәрежесінде Айдос Сеинғұмар 2-орын, қыздар арасында  44 кг салмақ дәрежесінде Гүлсім Әділғазы 2-орынға ие болып,  спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді. Жаттықтырушы Еламан Нұрланұлы Кеңескалиев.

Айта кетейік, спорт мектебінің оқушылары түрлі облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.