Аудан әкімі Серік Жеңісұлы Самар ауылында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Аудан әкімі Серік Жеңісұлы  Самар ауылында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

    Аудан әкімі Серік Жеңісұлы  Самар ауылында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Орталықтандырылған кітапхананы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық спорт мектебінің 2-ші ғимаратын аралады. Аудандық кітапханана қызметкерлері  ғимараттың шатырын ауыстыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін көтерді.  Сонымен қатар  аудандық спорт мектебінің ғимаратын жөндеу жұмыстарымен де танысып, аудан орталығында мұз айдындарын құю бойынша орынбасары  Қ. Сурашевқа нақты тапсырма берді.

Айтылған ұсыныс-тілектерді ескере отырып, бұл мәселелерді жауапты мамандармен бірлесіп шешу жөнінде тапсырма берді.