2024 жылғы 5-желтоқсанда Самар аудандық Бассейнде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған жүзуден ашық біріншілік жарыс өтті. Жарысты салтанатты түрде Самар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Сәйкенұлы ашып, аудандық мәслихат төрағасы Гүлнар Қасымжомартқызы құттықтау сөзін сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттіліктерін тіледі.
Тартысты өткен бәсекеде жас спортшыларымыз бар өнерін салды. Бүгінгі жарыс қатысушылары мен оларға жанкүйер болып келген көрермендердің көңілінен шықты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталып, марапатталды.