Аудан әкімінің м.а. Ж. Майкенев Аққала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Аудан әкімінің м.а. Ж. Майкенев  Аққала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Самар  аудан әкімінің м.а Ж.Майкенев Аққала ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме басшылары да қатысты.

Жаслан Талғатұлы ауданда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп.

Алдағы жылдарға бағытталған мақсат-міндет жоспарларымен бөлісіп,тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығын мұқият тыңдап, қойылған барлық сұрақтарға толықтай жауап берді.

Әрбір ұсынысты үнемі назарда ұстап, олардың шешілу жолдарын қарастыратынын айтты.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, біршама мәселелердің түйіні тарқатылды.