"Ауылшаруашылық Күніне арналған " мерекелік концерт

"Ауылшаруашылық Күніне арналған " мерекелік концерт

2024 жылы 29 қарашада Самар ауданының  Мәдениет Үйінде  Ауылшаруашылық Күні аталып өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасулан  Майкенев пен Самар ауданы Мәсалихатының төрағасы    Гулнар Шаймарданова  құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген ауылшаруашылық саласының қызметкерлеріне, шаруа қожалықтарының басшылары мен жұмысшыларына құрмет көрсетіп, агроөнеркәсіп саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері үшін ауыл шаруашылығы саласының үздіктеріне аудан басшылығы атынан төс белгілер мен ШҚО Әкімі атынан грамоталармен мараппаттады. Іс-шара Мәдениет Үйі өнерпаздары мен Өскемен қаласынан келген әншілердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.