Олардың қатарында мемлекеттік қызметте еңбегі сіңген ардагер Күдербаев Ахмет Фазылұлы және «Батраков» шаруа қожалығының басшысы Батраков Владимир Иванович марапатталды.
"Самар ауданының Құрметті азаматы" атанған азаматтарға арнайы куәліктер мен төсбелгілерді аудан әкімі міндетін атқарушы Жасұлан Майкенев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Гульнар Шаймарданова салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар Самар ауданы әкімі міндетін атқарушы Жасұлан Талғатұлы Самар ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып келген Сагимбаева Айнұр Серікқызына басқа қызметке ауысуына байланысты жаңа орындарына сәттілік тілеп, алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.