«Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің» күніне орай Өскемен қаласында салтанатты жиын өтті

«Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің» күніне орай Өскемен қаласында салтанатты жиын өтті

Самар ауданының «Мәмбет» шаруа қожалығының бас инженері Хайдар Сейітқамзинұлы Жұмаділов «Еңбек ардагері» медалімен, Мамбетов Дархан Есимбекұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бастаушы ауылдық округінен «Кудайбергенов» шаруа қожалығының басшысы Кудайбергенов Ришад Картаевич қатысып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Осылайша, өз ісіне адалдық танытып, ауыл шаруашылығы саласында елеулі жетістіктерге жеткен барша еңбеккерлерге алғыс айтамыз. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз ел экономикасының негізі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аса маңызды.

Мерейлі мереке күні сіздерге денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбек жолыңызға толағай табыс тілейміз. Қамбаларыңызға астық толып, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлене берсін! Тәуелсіздігімізді нығайтып, қуатты ел болу жолындағы қажырлы еңбектеріңізге зор құрмет көрсетіп, болашақта да табысты болуларыңызды тілейміз!