Cамар ауданы әкімінің м.а. Майкенев Жасұлан Талғатұлы жеке қабылдау кестесіне сай тұрғындармен кездесті. Мариногорка ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар Маринорка- Жұмба бағытындағы автомобиль жолына жөндеу жүргізу, ауыз су мәселелерін көтеріп ұсыныстарын жеткізді. Жасұлан Талғатұлы жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.