Аққала ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Самар ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 678, дауыс беруге қатысқаны – 544 (80,2%).
Сайлау қорытындысында Айдос Ералынович Какенов – 395 (79,83%), Алма Казисовна Жаламанова – 63 (11,77%), Гульфия Жайнаковна Наурузбаева - 49 (9,16%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 28.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1991 жылы туған, «Құтты» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Айдос Ералынович Какенов – Аққала ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы