Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 23 қыркүйекте ауданның полиция бөлімінің барлық учаскелік инспекторларын шақырумен Самар ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Қ.Ж. Қабдулиннің Самар ауданында қоғамдық тәртіп бұзушылықтарын алдын алу және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ақпаратын тыңдады. Ауданның ауылдық округтерінің әкімдері ағымдағы жылдың өткен аралығы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы есеп берді.

Қорытындылай келе, аудан әкімі аппаратының басшысы А.К. Қарағызов Самар ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларын болдырмау және олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтауы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.