САМАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

САМАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Самар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында барлық елді мекендерде сенбілік жұмыстары өтті.

Сенбілік жұмыстарына бірқатар мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мен аудан тұрғындары атсалысты. Жалпы 500- ден астам адам экологиялық бағдарламаны қолдап, тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде орындады.
Әр мекеме өздеріне бекітілген аумақтарда қураған ағаш бұтақтарын қырқып, арам шөптер шабылды, айнала күл-қоқыстардан тазартылды.
Айта кетейік, жалпыаудандық сенбілікке 3 техника жұмылдырылып, 2 тонна қоқыс шығарылды.