Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік: ХҚКО қызметкерлеріне семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік: ХҚКО қызметкерлеріне семинар өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Шараны Мемлекеттік корпорацияның Қауіпсіздік жөніндегі уәкілі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық инспекторы ұйымдастырды.

Жиын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік корпорациясының іс-шаралар жоспары аясында қаладағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқыту іс-шарасы өткізілді. Осылайша, отырыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жазалар талқыланды.

"Жеке пайда алу мақсатында функционалдық міндеттерді жүзеге асыру кезеңінде жасалатын, бірақ қызмет мүдделеріне қайшы келетін барлық заңсыз әрекеттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ретінде бағаланатын болады", — деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері.

Айта кетейік," Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық фактілері анықталған жағдайда ақпаратты 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық мекенжайға жіберуге болады.