
ЖШС жабу кезінде нені басшылыққа алуға болады? Заңды тұлғаны тарату рәсімі қандай кезеңдерді қамтиды? ХҚКО - ға қандай құжаттарды тапсыру қажет? Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды.
ЖШС тіркеуден шығару тәртібі Азаматтық кодекспен реттеледі (ҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы). Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш ЖШС таратылғаны туралы хабарландыру газеттерде жарияланғаннан кейін 2 айдан кешіктірмей берілуі тиіс.
"Азаматтарға арналған үкімет" ЖШС таратуға арналған құжаттар топтамасын алған кезде рәсімді өткізу тәртібінің толық сақталғандығына тексеру жүргізеді, содан кейін БСН-ді Ұлттық тізіліміне ақпарат енгізеді. Бұдан әрі, Салық комитеті өз кезегінде Мемлекеттік корпорацияға таратылатын ЖШС-нің бюджет алдындағы салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ұсынады. Өтінішті қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын реестрге тіркейді.",- деп атап өтті филиалдың заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының басшысы Алия Дузбаева.
Айта кетейік, жыл басынан бері филиал 317 заңды тұлғаны таратуды тіркеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалының заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы Сәтбаев даңғылы,34/2, 1 қабат, 21 кабинетте орналасқан. Ол жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.