
Аудан әкімінің орынбасары М. Мухаметжанов Самар ауылындағы Аэропорт ықшам ауданындағы балалар ойын алаңының жөндеу жұмыстарын тексерді.
Ойын алаңының жөндеу жұмыстарымен "Качество-СтройРемонт" ЖШС айналысуда. Жөндеу жұмыстарына 3 млн 490 мың теңге бөлінген. Мердігер тарапынан жөндеу жұмыстары талапқа сай емес екендігі анықталды. Бұл жерде төселген жасанды алаңның сапасыздығы, қоршаулардың дұрыс қойылмауы т.б. кемшіліктер анықталды. Қазіргі уақыттың өзінде алаңға төселген жасанды төсеніш өздігінен ажырап, пайдалануға жарамсыз күйге түсуде. Аудан әкімінің орынбасары М. Мухаметжанов Самар ауылдық округі әкімінің м.а. Тимур Смагуловқа тиісті тапсырмалар беріп, берілген уақытқа сәйкес мердігер ұйым олқылықтардың орнын толтырмаған жағдайда, бөлінген қаржаттың төленбейтінін айтты.