АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады

1 шілдеден бастап Қазақстан көшесі, 99/1  мекенжайы бойынша ХҚКО кезекші кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін кезекші ХҚКО Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша болған.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО әдеттегіден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының кезекшісінің мекен - жайы өзгеріссіз қалады: Абай даңғылы, 203/2. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 – ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.