
Ағымдағы жылдың 25 маусым күні аудан әкімдігінің ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларын талқылау бойынша жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандар қатысты. Сондай-ақ, ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына еңгізілген өзгерістер түсіндірілді. Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.