
Самар ауылында 23 - маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары М. Мухаметжанов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары аудан экономикасы мен әлеуметтік дамуына аянбай еңбек еткен ардагерлерге және еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметкерлерге аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.