
Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Самар ауданында қарқынды жалғасын тауып жатыр.
Ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде экоакцияға үлестерін қосып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көшелерінің, басқа да қоғамдық орындардың қоқыстарын тазалап, ағаштарын ақтау және бұтау жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында қоғамдық қызметкерлер, тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер мен жастар бар.