Кәсіби мереке қарсаңында ақ халатты абзал жандар марапатталды

Кәсіби мереке қарсаңында ақ халатты абзал жандар марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік салтанатта алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сурашев Қ.С. сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің арнайы Алғыс хатын табыс етті. Осы жиында мәслихат төрағасы Шаймарданова Г.Қ. ауданның медициналық мекемелерінде еңбек етіп жүрген үздік дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарын табыстады. Самар ауданының аудандық ауруханасының бас дәрігері Зияданов Е.Ф. медицина саласынының ардагер орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, марапаттар мен сыйлықтарын табыс етті. Іс- шараның соңы аудан мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастырылған мерекелік концертіне ұласты.

Медицина қызметкерлерінің күні - бұл жай ғана мереке емес, бұл дәрігерлердің, медбикелердің және өз өмірін осы маңызды кәсіппен байланыстырған кез келген адамның еңбегіне деген терең құрмет. Олардың жұмысы-адамгершілік пен адалдықтың шынайы көрінісі.