
2024 жылғы 10 маусымда Самар ауданы әкімдігінде № 4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (ТБН-4) жобалар тобының жетекшісі Е.В.Карпова, ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Е. Беккужина Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктерінде ҮББ-4 міндеттерін орындауды оқыту бойынша көшпелі семинар өткізді.
Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін аудан әкімінің аппараты басшысының, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс топ мүшелерінің, бөлім басшыларының, ведомстволық бағынысты мекемелер, квазимемлекеттік сектор ұйымдар басшыларының, сондай-ақ комплаенс-офицерлердің қатысуымен өткізілді.
Семинар барысында сұрақтар талқыланып, қатысушыларға консультативтік және әдістемелік көмек көрсетілді.