Сұранысқа ие цифрлық кадастрлық қызметтер белгілі болды

Сұранысқа ие цифрлық кадастрлық қызметтер белгілі болды

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 2,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді, оның ішінде ШҚО бойынша 108 мыңнан астам қызметті ШҚО филиалы көрсеткен. Ең жиі алынатын анықтама - жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұл жүйеге жер және құқықтық кадастрлардың деректері біріктірілді.

"Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегімен жылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттік қызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың телнұсқаларын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Дмитрий Галанин.

ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттарды оңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт және жер учаскесіне акт бір құжатқа - кадастрлық паспортқа біріктірілді.

Айта кетейік, ШҚО бойынша бүгінде «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» арқылы 18 мыңнан астам кадастрлық паспорт берілді.