Өскеменде АХАТ мекенжайы өзгереді

Өскеменде АХАТ мекенжайы өзгереді

14 мамырдан бастап Өскемен қаласында некені Белинский көшесі, 37а (2-қабат) мекенжайы бойынша тіркейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін.Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда үйленгісі келетінін немесе үйленбейтінін таңдай алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АХАТ қызметтері Сәтбаев даңғылы, 88/2 мекенжайындағы Неке сарайында көрсетілген болатын.