9 мамыр - Жеңіс күні

9 мамыр - Жеңіс күні

9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, Самар ауылындағы "Жеңіс" саябағында, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аудан әкімдігі, аудандық мәслихат және басқа да мемлекеттік мекеме ұжымдары, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Жиналған көпшілік Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.