«Тірек және магниттік мектептерінің желілік басқару жүйесі» атты облыстық семинар-практикумы

«Тірек және магниттік мектептерінің желілік басқару жүйесі»  атты облыстық семинар-практикумы

2024 жылғы 29 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасы негізінде Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ базасында «Тірек және магниттік мектептерінің желілік басқару жүйесі» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинар жұмысына облыстың ауыл және шағын жинақты мектептерінің 70 пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шараның бірінші бөлімінде ШҚО білім басқармасының «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығы әдіскері Бошаева Г.М. «Шағын жинақты ауыл мектептерін дамыту мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп директоры Богисова Б.К. «Тірек мектеп – магниттік мектептер» тақырыбында таныстырылым жасады.

Практикумның екінші бөлімінде құзыреттілік орталығы болып табылатын Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі желілік басқару жүйесін қолдана отырып, физика, химия, математика, ағылшын тілі және тарих пәндерінен қос мектеп мұғалімдерімен бірлесіп прақтикалық сабақтарын көрсетті және 2 шебер-сынып өткізді.

Семинар барысында Білімді дамыту тұрақты қоры арқылы жабдықталған кабинеттердің мүмкіншілігін пайдалана, зерттеу жұмыстарындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ие болған мектеп мұғалімдері мен оқушылар 8 жобамен таныстырды. Жобаларын қорғаған оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп, зерттеулер жүргізуге бейімделгені байқалды.

Семинар соңындағы кері байланыста қатысушылар танысқан кейстер, зерттеу элементтері, оқытудың белсенді әдістері бойынша ойларымен бөлісіп, тәжірибелерін көрсеткен спикерлерге алғыстарын білдірді. Алған теориялық және практикалық тәжірибелерді өз қызметтерінде пайдалануға көмектесетінін атап өтті.

2024-2029 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру бойынша қатысушыларға ұсыным берілді.