"БАҚЫЛАУ КҮНІ"

"БАҚЫЛАУ КҮНІ"

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудан әкімінің тапсырмасымен аппарат басшысы Азамат Кожабекұлы Қарагызовтың төрағалығымен «Бақылау күні» өткізілді. Күн тәртібінде келесі ақпараттар тыңдалды:
1. 2023 жылдың қорытындысы бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша кіріс құжаттарын орындау тәртібі туралы;
2. 2024 жылдың 1 қорытындысы бойынша облыс әкімінің және аудан әкімінің хаттамаларын орындау туралы;
3. 2023 жылы және 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы;
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі туралы;
5. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәртібі туралы;
6. Мемлекеттік қызметкерлермен Әдеп Кодексінің сақталуы туралы.
Тыңдалған ақпараттарға сәйкес, ауданның дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар атқару туралы бірқатар тапсырмалар берілді.