
2024 жылғы 23 сәуірде Самар ауданы әкімдігінде Самар ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінің, дербес бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үшін «Сара» әдістемесін оқыту бойынша семинар-кеңес өтті.
Аталған шара аудан әкімі аппаратының басшысы А. К. Қарағызовтың төрағалығымен облыс әкімінің бас инспекторы А.К. Оразбаевтың, Өскемен қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полициясының аға инспекторы И.С. Стригунованың қатысуымен өткізілді.