
Самар ауданы әкімі Н. Махамбетовтың төралығымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және дербес бөлім басшыларының қатысуымен су тасқынының алдын алу шаралары бойынша штаб отырысы өткізілді.
Отырыс барысында қауіпті учаскенің жай-күйін талдап, ауданның көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық мәселелерін талқыланды. Су басуы жағдайы кезінде адамдарды қайда көшіру, қандай шаралар қолдану, күнделікті гидротехникалық құрылғыларды бақылауға алу бойынша мәселелер қарастырылды. Барлық қауіпті аймақ бақылауға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.